Артқа
Артқа

Болат Төкежанов Қарағандыда жұмыс кездесулерін өткізді

Бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапарының басында "ӘМСҚ" КЕАҚ Басқарма Төрағасы БолатТөкежанов Медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметкерлерімен кеңес өткізді, бірінші кезекте медициналық көмек көрсету, МӘМС-пен тұрғындарын қамту, пациенттердің шағымдарының негізгі санаттарын талдау бойынша проблемалық мәселелерді талқылады.

Филиал басшысы Фазыл Копобаев тұрғындарды медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

2021 жылғы тамыз айының басында өңірде 1 075 099 адам МӘМС қатысушылары болып табылады, бұл облыстың барлық тұрғындарының 87,2% - ын құрайды.

Медициналық сақтандыру жүйесінен тыс 250 мыңға жуық адам қалып отыр.

Қор басшысымен жұмыс кездесуі барысында ағымдағы жылдың алты айында медициналық ұйымдарды қаржыландыру жоспарын игеру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Басқарма Төрағасы БолатТөкежанов филиал ұжымына медициналық ұйымдарды уақтылы қаржыландыру, медициналық қызметтерге сапалы мониторинг жүргізу, сондай-ақ пациенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін кері байланыс арналары арқылы халықтан келіп түсетін мәселелерді жедел қарау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Биыл ТМККК және МӘМС екі пакетіндегі медициналық көмек бойынша өңірді қаржыландыру 20% - ға, 137,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Медициналық көмектің жекелеген түрлері бойынша алғашқы медициналық көмек объектілерін қаржыландырудың айтарлықтай өсуі байқалды - 19% - ға, күндізгі стационарларды қаржыландыру 65% - ға, ауылдық медицинаны қаржыландыру 21% - ға, жоғары технологиялық медициналық көмек 39% - ға өсті, онкогематология бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 31% - ға өсті.

Бұдан кейін БолатТокежанов Қарағанды облысы әкімінің Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орынбасары Ермек Алпысовпен кездесті. Кездесуде медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалған тұрғындарды тартудың проблемалық мәселелері қаралды. Сондай-ақ, КВИ-мен күрес жағдайында медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыру мәселелері, емханаларға тіркелу науқаны қарсаңында медициналық ақпараттық жүйелер жұмысының аспектілері, медициналық көмектің сапасы және халықпен кері байланыс мәселелері көтерілді.

27.08.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
СКОЛЬКО ПОСТАВЩИКОВ БУДЕТ ОКАЗЫВАТЬ МЕДУСЛУГИ В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ ҚАНША МЕДҰЙЫМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ағымдағы жылға сатып алу қорытындылары жарияланды.
31.01.2025
НАЗНАЧЕН ДИРЕКТОР ФИЛИАЛА ФСМС ПО АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
ҚОРДЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бұл қызметке Нұрбол Тымпиев тағайындалды. Ол бұған дейін өңірдің денсаулық сақтау басқармасын басқарған.
28.01.2025
В ФОНДЕ ПОВТОРНО РАЗЪЯСНИЛИ РЕЗУЛЬТАТЫ АУДИТА ВАП
ҚОРДА ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ЖҮРГІЗГЕН АУДИТ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚАЙТА ТҮСІНДІРДІ
Жоғары аудиторлық палата анықтаған 34 млрд теңге көлеміндегі бұзушылықтар рәсімдік сипатта әрі егжей-тегжейлі құқықтық бағалауды қажет етеді. Анықталғандардың біршама бөлігі цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігімен байланысты.
27.01.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу